Тәжікстан сенім телефонын іске қосты


Астана. 5 ақпан. KAZISLAM – Тәжікстанның Дін істері, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды реттеу комитеті сенім телефонын іске қосты, деп хабарлайды Ansar.ru.
Комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің айтуынша, сенім телефоны қоғаммен етене байланыс құру және салалық заңнамаларды тиімді дамыту мақсатында ашылған.
«+992 988 20 66 66 нөміріне қоңырау шалуға немесе смс-хабарлама жолдауға болады. Сондай-ақ осы нөмірге Imo, Viber және Whatsapp мессенджерлері тіркелген. Осы арқылы азаматтардың ведомствомен байланысын жеңілдетуге болады» дейді ол.
Афшин Муким республика тұрғындары сенім телефонына комитет қызметі аясындағы қажылық, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды реттеу мәселелері бойынша хабарласуына болатынын жеткізді.
Дін істері, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды реттеу комитеті деректеріне сүйенсек, 2018 жылы дәстүрлерді реттеу заңын бұзу бойынша 648 әкімшілік іс қозғалған. Айыппұл көлемі 3 млн 61 мың 950 сомани қаражатты құраған.
Дереккөз: http://kazislam.kz/