Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі
Ояна салып, жұмысқа/университетке/мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз әлі таң намазын оқыған жоқсыз! Бұл не? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз.
Кәне, басын ашып алайықшы. Неге соңғы күндері таң намазын жіберіп алуды жиілеттіңіз? Намазды енді бастап дағдыланып жүрген кезіңізді есіңізге түсіріңізші: таң намазына бір сағат қалғанда оянатынсыз, Кийям әл-Лейлге (түнгі намазға) тұратынсыз. Ал бүгін, қазір және осы жерде, асығып жуынып жүрсіз, әлі таң намазын оқыған жоқсыз ба? Не дұрыс емес?
6. Түннің жарымында ұйықыға жатамыз
Кең таралған пікірге қарамастан, түн жарымында ұйықтаған «ерте жатқан болып» табылмайды. Бұл адамдардың үлкен сұранымына ие әртүрлі ойын-сауықтарға толы қазіргі әлемнің маңызды мәселесі. Бұрынғы заманда адамдар күннің шығуымен оянып, күн бата салып ұйқыға жататын (сол кезде тәуліктің осы уақытында қараңғыдан қорқудан басқа іс болмайтын). Бірақ бүгінде ғаламтор, теледидар, ұялы телефондар сияқты көп алаңдатпа факторлардың барлығы сондай, біз тіпті ұйықтайтынымызға қуанамыз!
Қайғылы шынайылық мынада, біздің көбіміз «түннің жарымынан кейін бірден» ұйқыға кетпейміз, тек түнгі сағат екіде ғана. Бұл біздің шамадан тыс тәкаппарлығымыз болып табылады, егер біз ұйқыға түннің жарымында жатсақ, бұл біз үшін «ерте» жатқан болады.
Егер біз тақуа адамдардың өмірін зерттеп бастасақ, онда олардың түннің бір бөлігінде тұрып түнгі намазды оқу үшін ерте жататын әдеттерінің болғанын байқаймыз, дұрысы — бірден құптаннан кейін ұйқыға жату. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері бізді құптан намазынан соң сөйлесудің орынсыз екендігіне үйретеді.
Жалпы алғанда, егер таң намазына сергек болып ояну үшін, телефоныңызды шетке ысырып қойып, бір стақан сүт ішіп алыңыз.
5. Қоңыраулы сағаттармен болатын қиындықтар
Өтінемін, тағы бес минут… таныс па?
Сізге қоңыраулы сағат шылдырлаған кезде тұруға үйрену қажет. Иә, тағы да ұйықтай тұрсаң, ұйқы тәтті, рақатқа толы, бірақ бұл амал іске аспайды. Сізге ұнаса да, ұнамаса да (дегенмен, әдетте жоқ) қоңыраулы сағат сіздің оянуыңызға көмектеседі, қулықтың бәрі оны қажет уақыттан 10 минут бұрынға қоюда. Қоңыраулы сағаттың таймерін сол уақыттан 40 минутқа бұрын қоюдың қажеті жоқ, өйткені сізге тұруға әлі ерте екеніне көзіңізді жеткізу үшін ғана оянасыз, ал сізді ұйқы қайтадан басады.
4. Түнге қарай тойып тамақ жеу
Мен тағамды емес, ол мені жақсы көреді!
Адамдардың көбі бұның ұйқыға әсер ететінін білмейді – шырт ұйқы болады. Зерттеулер көрсеткендей, асқазаны толы адамдар, асқазаны бос адамдарға қарағанда жақсы (шырт) ұйықтайды.
Менің кеңесім ашығу емес, түнге қарай желінетін астың көлеміне ұқыпты болу, өйткені ол сізге таң намазына оянуға көмектеседі. Сонда, ешкім де сіздің тағаммен қарым-қатынасыңызға кедергі келтіре алмайды.
3. Кийям әл-Лейлге (түнгі намазға) тұрып, қайтадан ұйықтап, таң намазын жіберіп алу
Негізінде түнгі намазға тұру – Сүннет, бірақ егер оны оқимын деп тұрсаңыз, қайтадан ұйқыға жатпаңыз. Сайтанның қастығы емегенде, бұл не: парыз болғанды жіберткізіп, қалағаныңды жасату.
Бұндай кеудемсоқ жас адамдардың тәжірибесінде жиі кездеседі, олар бір түнде Әбу Бәкр ас-Сыддық бола қалғылары келеді. Бірақ нәтижесінде адамның бар қол жеткізетіні – оның құлағына сайтан кіші дәретке отырады және алты жұлдызды қонақүйге орналасқандай болып оның мұрнына қоныс тебеді (осы хадисті қайта оқып шығыңыз).
Егер сіз тәһажуд намазын оқығыңыз келсе, таң намазын жіберіп алмайтындай бар жағдайды жасаңыз. Одан кейін ұйқыға жатпаңыз – мысалы, таң намазына жарты сағат қалғанда тұруыңызға болады.
Бастысы – тәһажуд пен таң намаздарының арасында ұйқыға жатпау.
2. Істің шынайы күнәлылығын түсінбеу
Бір қызығы, ұшақты күтіп бір-екі сағат отыра аламыз, ал құлшылық етуге келгенде – оны ең соңына дейін қалдыра береміз. Құлшылық ету мәселесіне аса жеңілтектікпен қараймыз:
«Мен кейін құлшылық етемін», «Қазір менің уақытым жоқ!» — ең кеңінен таралған «сылтаулар». Бірақ, оғаштығына қарамастан, егер біздің ұшуымыз түнгі сағат 3-те болса, әуежайға қалып қалмас үшін біз мүлде ұйықтамаймыз. Бұл жағдайда сіз «Мен басқа рейспен ұшамын» деген сияқты немесе басқа да осыған ұқсас далбасаны ешкімнен естімейсіз.
Бұндай екіжүзділік қайдан келген? Мәселе Исламға қатысты болғанда, неге біз өзімізге сылтаулар мен ақталулар ойлап табамыз да, ал пендешілік өмірдің барлық шарттарына икемделе кетеміз? Мен дұрыс айтпасам, мені түзетіңіздер, бұл – күнә дәрежесін біздің толық түсінбеуімізде. Дәрістерге қатыса жүріп, діни уағыздарды тыңдай жүріп және т.б. өз имандарыңызды нығайтыңыздар, тек осыдан кейін ғана келешек өмірге күш салыңыз.
1. Күні бойы күнәлар жасау
Бұл таң намазын жіберіп алуымыздың ең басты себебі. Бізге игі амалдар жасауға тауфиқ беріледі деп қалай күте аламыз, егер бар жасайтынымыз тек күнә ғана болса? Намаз – Исламның екінші тірегі және адамның имандылығына тікелей әсер етуші. Бұл мәселенің маңыздылығын түсіну үшін, көптеген аяттар мен хадистерді дәйексөз ретінде келтірудің қажеті жоқ. Бұл жалпы ислам қағидаты: игі амалдар басқа игі амалдарды тудырады, ал жаман амалдар басқа жаман амалдарды тудырады.
Егер біз расымен де Аллаға жақындағымыз келсе, онда біз күні бойы күнә жасамауға бар күшімізді салуымыз керек. Мені дұрыс түсініңіздер, әрине, біз періштелер емеспіз. Бірақ егер Алла намаз сендерді күнә жасаудан тартады десе де, сіздер болсаңыздар оған жігерлене кедергі келтіресіздер.