Тәліптер әскерге шабуыл жасады


Астана. 11 желтоқсан. KAZISLAM – Ауғанстанда «Талибан» террористік тобының содырлары Фарах провинциясындағы ел әскерилеріне шабуыл жасады. Салдарынан 8 әскери қаза тауып, 10 әскери жарақат алды, деп жазады РИА Новости.
Провинция кеңесі мүшесі Дадуллах Кейннің айтуынша, террористер сенбі күні кешкілік Бала Булук ауданындағы әскери базаға шабуыл жасап, барлық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде тәліптердің екі содыры жараланған.
Дереккөз: http://kazislam.kz/