Сыр сақтау

0

Сыр-қарсы төтеп беруге келмейтін күш қайнары, сөйте тұра талқандалмайтын жасаққа ұқсайды.

Сыр-ар-ұят деген сөз. Мейлі өзінікі, мейлі басқаға тән болсын, кім оны сақтаса, ар-ұятын сақтаған болып есептеледі. Оны жұртқа жариялаушы өз қадір-қасиетін аяққа таптаған болып саналады.

Үндемеу-даналықтың бір белгісі, бірақ ондай адам тым аз және олардың бар-жоғы сезілмейді.

Адамның сыр бөлісетін кісісі басқа біреудің ар-ожданыны сыйлай білетін әрі оның намысын таптатпайтын аса сенімді әрі құпияны сақтауда да өз ар-намысын қорғаштайтындай өте қырағы, байыпты болуы керек. Сенімсіз кісілерге аманат тапсырылмауы, ар –ұяты жоқ адамдарға сыр айтылмауы керек.

Сыр сақтау әрі басқалардың сырын құрметтеу-толығымен ерік-жігерге және ақыл-ойға қатысты адами қасиет. Жігерсіз адамнан сыр сақтауды күту әбестік болса,істеген ісі мен айтқан сөзінің соңы неге ұрындырарын топшылай алмайтын аңғал адамнан да сыр сақтауды күту бекершілік.

Сырын жұртқа жайып салған адамға тағы сыр айту-ол әлгі адамның ақылсыздығы мен сырлас таңдаудағы әлсіздігін көрсетеді. Жүрегінде иманы берік және көзі ашық, көкірегі ояу адам екінші мәрте алданбайды.

Адам біреуге бірнәрсені түсіндіруі қажет болған жағдайда оны түсіндіруі тиіс, алайда барынша сақ болуы керек. Кез келген жерде, елдің көзінше жүрегіндегі сырларды ақтарып жүретіндер бір күні өздерін де, әрі өмір сүрген қоғамын да осы әрекетімен көзсіз өлімге жетелейтінін ешқашан естен шығармауы керек.

 


Тегтер:сақтауСыр