Су үстіндегі мектеп пайда болды (ФОТО)
Астана. 28 желтоқсан. KAZISLAM – Әлемде ең ерекше мектеп Бангладеште бар. Бұл мектеп күн сайын оқушыларды қабылдайды және онда сабақтар дәстүрлі дәріс сыныптары мен парталарда емес, су үстінде жүзетін қайықта өткізіледі, деп жазады Islam.ru.
Бангладеш мұғалімдерінде көптеген мәселелер бар. Мұндағы қиындықтар өзге де кедей елдерге ұқсас: қаржының жетіспеуі, оқулықтардың ескіруі және сыныптарда оқушылардың көптігі. Сонымен қатар Бангладеште нөсерлі жауын өте жиі жауады, оның салдарынан елде су тасқындары болып, оқушылар сабақтан қалады.
Енді осы жағдайлардан шығудың да жолы табылды. Shidhulai Swanirvar Sangstha қайырымдылық қоры жаңа бастама көтеріп, балаларды суда жүзетін қайықта оқытуды қолға алды. Қазір Бангладеште жыл бойына су үстінде білім беретін 23 мектеп-қайық жұмыс істеп тұр. Бірінші ауысым сабағы аяқталғаннан кейін қайық оқушыларды ауылдарына жеткізіп, одан соң жоғары сынып оқушыларын екінші ауысымға жинайды.
Дереккөз: http://kazislam.kz/