Стамбұл әуежайында мешіт салынады
Астана. 7 желтоқсан. KAZISLAM – Түркияның Стамбұл қаласындағы Сабих Гекчен атындағы әуежайда жаңа мешіт салынады, деп хабарлайды Trend әуежай сайтына сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, мешіт құрылысына 17 желтоқсан күні тендер жарияланады. Оған жергілікті және шетелдік құрылыс компаниялары қатыса алады.
Мешіттің жалпы аумағы екі мың шаршы метрді құрайды. Құлшылық үйінің құрылысын 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Қазіргі уақытта Түркияда 55 әуежай бар, олардың барлығында құлшылық бөлмелері жұмыс істеп тұр.