Содырлар құлдығында болған қыз Германия канцлерімен кездесті
Астана. 6 желтоқсан. KAZISLAM – Бірнеше жыл ДАИШ террористерінің құрығында болған езидтік заңгер, Нобель сыйлығының иегері Надия Мұрад Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Бұл туралы Надия өзінің Твиттер парақшасында жариялады.
Кездесу барысында олар Таяу шығыстағы ахуалды талқылады. Сонымен қатар Надия Мұрад ДАИШ содырлары қиратқан езидтік аудандар – Синджар мен Ниневиді қайта қалпына келтіру және қорғау мәселесіне көмектесуді сұрады. «Біз сондай-ақ езидтер үшін баспана беру және қабылдануы қажет шешімдер туралы пікірлестік» деп атап өтті Нобель сыйлығының иегері.