Сириядағы ахуал бойынша Қазақстандағы келіссөздер нәтижелі болды

0

Астана. 4 ақпан. KAZISLAM – Ирандағы Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Асxат Оразбай Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Салтанатты шара Иран Президентінің Сарайында өтті. Оның барысында екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны жандандыру мәселелері талқыланды.

Елші А. Оразбай Иран Президентін Елбасымыздың бастамасымен Қазақстанның саяси әрі экономикалық өркендеуі, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ әлемде бейбітшілікті нығайту бағытында атқарылып жатқан маңызды шаралармен таныстырды. Оған қоса, екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени байланыстарды одан әрі дамыту бойынша пікірлерімен бөлісті.

Өз кезегінде, Х. Рухани Иран Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші мойындаған мемлекеттер қатарында болғанын және осы уақыттан бері екіжақты ынтымақтастық достық сипатта дамып келе жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өзінің орнатқан тығыз байланысы екіжақты және аймақтық мәселелер бойынша жақсы ықпалдастық жасауға мүмкіндік беріп отырғанын айтты.








Дереккөз: http://kazislam.kz/