Сирияда жойқын жарылыстан 19 адам қаза тапты

0

Астана. 17 қаңтар. KAZISLAM – Сирияның Манбидж қаласында жойқын жарылыс болып,19 адам мерт болды, деп хабарлайды 24.kz.

Қаза тапқандардың арасында АҚШ әскерінің 4 жасағы бар. Тағы 3 американдық сарбаз ауыр жарақат алған. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, лаңкес АҚШ әскері күзеткен жерде өзін өзі жарып жіберген. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті атышулы Ирак және Левант лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.

Айта кетейік, Дональд Трамп өткен айда аймақтағы аталмыш террорлық ұйым жеңілгеннен кейін АҚШ-тың 2 мың әскерін Сирия аумағынан шығарамын деп уәде еткен болатын.








Дереккөз: http://kazislam.kz/