Сирияда христиандар саны үш есеге азайған

0
81

Астана. 30 қаңтар. KAZISLAM – Сирияда азаматтық соғыс жылдары христиандар саны үш есеге азайған,  деп хабарлайды Islam-today.

Будапеште өткен конференцияда кардинал Марио Дзенари бұрындары Сирияда христиандардың үлес салмағы 6% болса, қазір небәрі – 2% деп мәлімдеді.

Христиандардың елде азайып кетуіне ДАИШ террористік ұйымы ықпал етіп отыр, сонда         й-ақ христиан отбасыларындағы туу көрсеткішінің төмендеуі және аралас неке салдары да бар. Марио Дзенари Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін христиандар Сирия халқының 25%-ын құрағанын, ал 2011 жылы Сириядағы азаматтық соғыс кезінде 6% болғанын атап өтті.








Дереккөз: http://kazislam.kz/