Сирияда әуе шабуылынан бейбіт тұрғындар мерт болды

0

Астана. 4 қаңтар. KAZISLAM – Сирияда одақтас елдер күштерінің әуе шабуылынан 11 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат құралдары олар бір отбасының мүшесі болғанын айтады. Оқиға Дейр-эз-Зор аймағына қарасты Шаафа ауылында болды. Ұшақтардың қарулы топтарға бағыттаған бомбаларының бірі бейбіт тұрғындарға түскен. Әзірге әскерилер оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Сирияда АҚШ бастаған одақтас елдердің әуе күштері «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы әрекет етеді. Бірақ өткен айда президент Дональд Трамп шам елінен америкалық әскерді шығаратынын мәлімдеді. Мұндай қадам АҚШ-та бірқатар саясаткерлердің сынына ұшырады. Қорғаныс министрі де Ақ үй басшысының кей ұстанымымен келісе алмайтынын айтып, өз еркімен қызметінен кетті.








Дереккөз: http://kazislam.kz/