Шетінеген сәбиге Құран бағыштала ма?

0

Сәлеметсіз бе! Жастайынан шетінеген немесе қайтыс болған балалардың орны жәннат екендігі хадистерде айтылады[1].  Олар — күнәсіз. Тіпті жаназа дұғасы оқылғанда да ол үшін Алладан кешірім тілемей, оның орнына былай деп дұға етіледі:

«Аллаһуммәж’алһу ләнәә фәрәтан уәж’алһу ләнәә әжрән уә зухрән уәж’алһу ләнәә шаафи’ан уә мушаффа’ан».

Мағынасы: «Аллаһым! Бұл баланы жәннатта бізді қарсы алушы және ақырет сыйы ет! Аллаһым! Бұл баланы бізге шапағатшы ет және шапағатын қабыл ет!».

Сондықтан да, әдетте жас кезінде қайтыс болған балаға Құран бағышталмайды. Бірақ, бағыштаған кісіге де күнә жоқ. Мәселенки, ардақты Пайғамбарымыздың мекені пейіш екендігіне қарамастан, Құран оқыған кезде Оның да (с.а.у.) рухына Құран сауабын бағыштап жатамыз.  

Абдусамат Қасым