Шәкәрім Құдайбердіұлының Еуропа жайлы айтқаны

0

Кейінгі жастар ескерсін деп…

1906 жылы қажылыққа барған қазақтың маңдайына біткен біртуар ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы сол уақыттағы Еуропаны көріп, кейінгі ұрпағына ескерту ретінде бірнеше шумақ өлең қалдырған. Өлеңді оқып көріп, бүгінгі болып жатқан дүниенің байыбына баруға болады. 

 

Европа білімді жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.

Терең ойлап, сөзімнің түбін біл де,

Іштен жыла, шырағым, сырттар күл де.

Сол есті елде киім бар мода деген,
Керегіне лайықтап киінбеген.
Жас балаша қызығып сәкәкүлге
Масқара боп жүргенін бір білмеген.

Шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқы сертек,
Киіп алып, қылтиып қағар селтек.
Ұнай ма ыстық, суық қозғалысқа
Ойланбай, болғаны несі мұнша тентек.

Әйелдері қуыршақ үлбіреген,
Жалбыр шашақ сәкәкүл талай неген.
Кеңірдегін сорайтып, кеудесі ашық,
Осы емес пе орынсыз сәнқой деген.

Ойлашы, осы ақылға жараса ма?
Емес пе ер жетпеген бала-шаға?
Не денеге, не жанға жайлы емес қой,
Осыған да дау айтып таласа ма?

Лайықты киім жоқ па бұдан басқа?
Керексіз кербезденіп бос шатаспа.
Ақылды киім бермес, ғылым берер,
Ғылымын ал, білімін ал, мұны таста

 

Марғұлан Ақанның парақшасынан