Сегіз ғасыр бұрынғы мысық іздері табылды

0

Астана. 28 желтоқсан. KAZISLAM – Түркияның Айдын провинциясында византиялық Кадыкалес қамалында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ерекше дүниелер табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, тастарда табылған мысық пен иттің іздері сегіз ғасыр бұрынғы болуы мүмкін.

Кірпіш пен қыш тастардағы мысық пен ит іздерін Измирдегі Эгей университетінің қызметкерлері тапқан. Кадыкалес қамалы бес мың жыл бұрын салынған. Ғалымдардың айтуынша, үй жануарлары кебуге қойған қыш заттардың үстімен жүрген болса керек.

Бұл жаңалық ит пен мысықтың үй жануары ретінде адамдармен бірге кемінде 800 жыл бұрын өмір сүре бастағанын көрсетеді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/