Саудиялық әйелдерге гид болу құқығы беріледі

0

Астана. 22 қаңтар. KAZISLAM – Сауд Арабиясында қыз-келіншектерге тұңғыш рет гид қызметінде жұмыс істеуге лицензия беріледі. Saudi Gazette басылымының мәлімдеуінше, осындай құжатты алу үшін 150 әйел өтініш беріп үлгерген.

Ал корольдіктің Туризм және ұлттық мұралар агенттігі өтініш иелеріне алғашқы лицензиялар жақын уақытта беріле бастайтынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта өтініш білдірген қыз-келіншектер тиісті дайындықтар өтіп жатыр. Олардың барлығында туризм саласында жоғары білімдері бар, жас ерекшеліктері де талапқа сәйкес, яғни 23 жастан жоғары.

Бүгінде Сауд Арабиясында туристік сектор қызметкерлері арасындағы жергілікті халықтың үлесі аса көп емес. Осыған байланысты корольдік билігі уәкілетті органдарға шетел азаматтарын туризмнен тыс өзге де экономикалық салаларға орналастыру туралы тапсырма берді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/