Сауд Арабиясы Сирямен қарым-қатынасты қайта орнатады

0

Астана. 9 қаңтар. KAZISLAM – Сауд Арабиясы Сириямен дипломатиялық қарым-қатынасты қайта орнатуды көздейді. Корольдіктің ішкі істер ведомствосы хабарлағандай, Сауд Арабиясы елшілігі 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында Дамаск қаласынан ашылуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, Башар Асад билік ететін Сирия үкіметі мен Иран мемлекетінің одақтық қатынасына байланысты Сауд Арабиясы мен Сирияның қарым-қатынасында оң өзгерістер бола қоймайды. Айта кетсек, Сирия мен Иранның қатынасы елде азаматтық соғыстан бері беки түскен болатын.

Еске салсақ, 27 желтоқсан күні Дамаскіде 2011 жылы жабылған Біріккен араб әмірлігінің елшілігін жаңарту жұмыстары жүргізілді.  Reuters агенттігінің хабарлауынша, өзге де араб мемлекеттері Башар Асадқа қатысты көзқарастарын өзгертуге және Сириямен қатынасты түзеуге ниетті. Сонымен қатар Араб мемлекеттері лигасына мүше мемлекеттердің басым бөлігі Сирияны ұйымға қосуды қолдайды.








Дереккөз: http://kazislam.kz/