Салах әлеуметтік желі парашаларын өшіріп тастады
Астана. 25 қаңтар. KAZISLAM – Ағылшынның «Ливерпуль» футбол командасының және Египет құрама командасының шабуылшысы Мохамед Салаз Instagram және Twitter әлеуметтік желілеріндегі өз парақшаларын өшіріп тастады.
Осыған дейін танымал футболшы «2019 жылдың шешімі: нақтылықпен қарым-қатынас құру уақыты» деген жазба жариялаған.
Ақпарат құралдары футболшының бұл шешімін талқылау үстінде. Мәседен, британдық Mirror басылысы танымал спортшы әлеуметтік желілерден екі себепке байланысты кетті деп жорамалдайды.
Біріншіден, ол мұны Египет Футбол федерациясымен имидждік құқыққа байланысты келіспеушіліктен кейін, екіншіден спортшы интернетке бос уақыт жұмсамау себебінен жасаған болуы мүмкін.
Еске салсақ, қаңтар айында Мохаммед Салах 2018 жыл бойынша Африканың үздік футболшысы деп танылған, деп жазады Islam-today.
Дереккөз: http://kazislam.kz/