Сахабалардан сыр сыңғыры-43
Үбәй ибни Кәъб рһ.
Әбул-Мүнзир және Әбут-Туфәйл лақаб есімдерімен Үбәй ғалым, фақиһ және әдемі Құран оқитын Мәдиналық сахабалардан еді. Ақабә сертінде болған және Бәдрден бастап барлық соғыстарға қатысқан. Зекет жинау қызметі және уахи жазу жұмысын атқарған. Омар рһ-тың ақылдасу алқасы мүшесінен еді. Омар рһ-тың әмірі мен тарауих намаздарын жамағатпен өткізген.
Орта бойлы, көркем жүзді әрі қызыл терілі Үбәй, тура сөзді, ақиқатқа жақтас әрі мәдени жігері өте жоғары бір сахаба болатын. Муқаддәс (қасиетті) кітаптарды да жақсы білетін. Үбәй рһ әсіресе қираат ілімінің қамбасы болып табылған. Тәпсірге қатысты көзқарастары бір кітап деңгейінде еді. Алтын ғасыр кезінде пәтуа бере алатын қабілетке ие 14 сахабаның біреуі еді. Ол әз пайғамбарды өте жақыннан бақылағандықтан хадис ілімінде сахабалардың алдыңғы қатарындағылардан болды. Қаншама сахаба ол кісінің ілім мәжілістеріне қатысып отырған. Ол кісі хадис жеткізуде өте сақ болғандықтан бізге тек 164 риуаяты нақыл болған. Үбәй ибни Каъб хижри 19 (немесе 22) жылы Мәдина да дүниеден озған.
Аллаһ ол кісіден разы болғай!
(Риядус-Салихийн Пейгамберимизден Хаят Өлчүлери, 1 том, 483-484 б.)
Аударған: Әбдікерім Әбу Мақтау әл-Баяни