Саддам Хусейннің өлер алдындағы хаты
Астана. 4 қаңтар. KAZISLAM – Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейннің қызы Рагад өзінің Twitter микроблогында әкесінің соңғы сөзі жазылған хатты жариялады, деп жазады Islam-today.
Хусейн бұл хатты өлім жазасына кесілерден төрт күн бұрын жазған көрінеді. Еске салсақ, Саддам Хусейннің өлім жазасы 2006 жылдың 30 желтоқсан күні болды.
«Уа, менің қайырымды халқым, мен сендерге және жанымның иесі Жаратушыға сенемін. Алла ұлық. Саддам Хусейн республика президенті және күштік құрылымдардың бас қолбасшысы» делінген Ирак басшысының хатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Рагад Хусейн Ирак халқына үндеу жариялаған еді.
Дереккөз: http://kazislam.kz/