Роналду қырғызстандық сырқат қызбен жүздесті

0

Астана. 17 қаңтар. KAZISLAM – «Ювентус» футболшысы Криштиану Роналду мен жұбайы Джоржина Родригес, сонымен қатар португалиялықтың клубта бірге ойнайтын әріптестері Паоло Дибала мен Хуан Куадрадо Италияның Турин қаласындағы онкологиялық орталықта ем қабылдап жатқан қырғызстандық сырқат қыздың халін сұрап барды. Бұл туралы Бішкектегі Ұлттық онкология орталығы балалар бөлімінің дәрігері Дамира Байзақова Facebook парақшасында жариялады, деп жазады Baq.kz.

«Бұл кішкентай қыз Қырғызстаннан. Өкінішке қарай, оған сүйек саркомасы диагнозы қойылған. Емдеудің ең қиын кезеңдері артта қалды. Ол химиятерапия алды, содан соң әрі қарай ем қабылдау және ота (протез жасату) үшін Туринге кеткен болатын. Аллаға шүкір, отасы сәтті аяқталды» деп жазды дәрігер.

Туриндегі дәл осы ауруханада Қырғызстаннан келген тағы бір бала Нұрпазыл да жатыр. Оған туриндік полицейлер келіп, көп сыйлық беріп кеткен.








Дереккөз: http://kazislam.kz/