Рим Папасы Абу-Дабиге келеді


Астана. 10 желтоқсан. KAZISLAM – Келер жылдың ақпан айында Рим Папасы Франциск Біріккен араб әмірлігіне ресми сапармен барады. Рим католиктік шіркеу басшысы Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахайянның арнайы шақыртуын алған.
Қасиетті тақ баспасөз қызметінің басшысы Грек Берктің айтуынша, ресми сапар 3 ақпанға жоспарланған. Алдын ала болжамға сәйкес, Ватикан делегациясы БАӘ-де үш күн болады деп жоспарланған. Рим Папасының ресми сапар бағдарламасының бірі – «Адамзаттық бауырластық» тақырыбында халықаралық дінаралық кездесуге қатысу.
Айта кету керек, Рим Папасы Франциск дінаралық диалогтарды дамыту бағытындағы жиындарға белсенді қатысып, мұсылман елдерін жиі аралайды.