Қытайдағы ислам тарихы

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қытайға Исламның келуі VII ғасырдан бастау алады. Батыс Азиядан өтіп Араб түбегі арқылы Таяу Шығысқа, одан Қытай жеріне жеткен Ислам ерте қытай деректеріне әр-түрлі атауларға ие болып келген. Ислам Ань, Юань, Мин және Цин династиясындағы мың жылдық даму барыснан кейін Қытайдағы бес үлкен діни нанымның біріне айналды. Қытайда ислам дінін ұстанатын ұлттардың қатарында дүңген, ұйғұр, қазақ, дунсян, қырғыз, салар, тәжік, өзбек, бауан, татар сынды 10 ұлт бар.

Қытайдың ресми деректерінде бүгінгі таңда қытайда 30 миллоннан астам мұсылман өмір сүріп жатыр.  Олар қалалық және ауылдық жерлерде жерлерде орналасқан. Мұсылмандар негізінен Шыңжаң, Нинся , Ганьсу, Цинхай, Шэньси, Хэнань, Хэбэй, Юньнань, Шаньдун, Шэньси, Анхуи, Пекин, Тяньцзинь және басқа да аймақтарда шоғырланған.

Қытай мұсылмандарының басым көпшілігі сүнниттік бағыт ұстанатын Ханафи мазхабының өкілдері. Шынжаңда аздап шиттің бағыт ұстанатындар бар. Батыс-солтүстік аймақтарда сопылық мектептің де өкілдері бар.

Сағд ибн әбу Уаққас (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) Қытайға Ислам дінін жеткізген ең алғаш сахаба. Мұсылмандар Қытайда соңғы 1,400 жыл бойы Қытайлармен үнемі қарым-қатынаста өмір сүріп келеді. «7-ші және 10-шы ғасырлардан бері қытайлар мен мұсылмандар дипломатты түрде қарым-қатынасты ұстынып келеді.»

Басты фотодағы Хуайшың мешіті дүние жүзінде салынған ең ерте мешіттердің бірі, Мұһаммад (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың ағасы Сағд ибн әбу Уаққас (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) салдырған

Загрузка...