Қытайда мешіттер жабылды

0

Астана. 3 қаңтар. KAZISLAM – Юньнань провинциясында үш бірдей мешіт жабылды. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, бұл мешіттерге заңсыз діни қызмет жүргізді деген айып тағылған.

Ақпарат көзінің мәліметінше, жабылған мешіттер Қытайдың оңтүстік-батысындағы Вейшан ауданында орналасқан. Жергілікті мұсылман қауымы мешіттердің жабылуына қарсы тұруға тырысқанымен іс нәтижесіз аяқталды.

Жергілікті билік органдарының хабарлауынша, Вейшан ауданындағы мешіттер заңсыз болуы себепті жабылған. Бұл мешіттерде заңсыз діни шаралар жүргізілген дейді билік тарапы.

Айта кетсек, Юньань провинциясында 700 мыңға жуық мұсылман тұрады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/