Қырғыз мүфтиі екпеден бас тартпауға шақырды

0

Астана. 18 қаңтар. KAZISLAM – Қырғызстан мүфтиі Мақсат Тоқтамысов республика халқын балаларына екпе салдырудан бас тартпауға шақырды.

Бішкек қаласында өткен дөңгеле үстелде елдің Денсаулық сақтау министрлігі, Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия, мүфтият өкілдері мен сарапшылар екпе мәселесін талқылады, деп хабарлайды «Кабар».

Республикалық иммундік профилактикалық орталық директоры Гульбара Ишенапысов екпеден бас тартқан тұрғындар туралы статистиканы хабарлады. Оның айтуынша, екпеден 7,6 мың адам бас тартқан. Басым көпшілігі діни сенімдеріне байланысты түсіндірген. Сонымен қатар екпеден бас тартушылар қатарында өзге де дін өкілдері бар. Қырғыз бас мүфтиі екпенің маңыздылығы туралы айта келе, ислам діні өз денсаулығыңмен бірге жақындарыңның да денсаулығын ойлауды міндеттейтінін жеткізді.

«Ислам әртүрлі ауруларлың алдын алуға арналған шараларды құптайды. Дін екпе процедулаларына қарсы емес. Керісінше, тіпті Сауд Арабиясы қажыларды қабылдар кезде барлығының екпеден өтуін талап етеді» дейді Қырғыз мұсылмандары діни басқармасының басшысы.








Дереккөз: http://kazislam.kz/