Құраннан басқа діни кітаптарды дәретсіз оқуға бола ма?

0

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед (р.анһума) бойынша, хадис, фиқһ т.б. шариғи кітаптарды дәретсіз ұстау – мәкруһ. Имам Ағзама Әбу Ханифа (р.анһу) бойынша, ең дұрысы мәкруһ емес[1].

Ендеше, ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмір баяны жазылған кітапты дәретсіз ұстап оқудың күнәсі жоқ. Абзалы қайсы десеңіз, абзалы – оларды да дәретпен оқу. Бірақ дәретсіз де оқуға рұқсат.

Абдусамат Қасым