Қой етін де, балық та жемедім…

Әбу Ханифа заманында Куфада әлдекімнің бір қойы жоғалады. Осыны естіген имам жеті жыл бойы қой етін ауызға алмайды. Себебін сұрағандарға:
— Ұрланған қойдың етін жеу харам болғандықтан, абайсызда сол еттен жеп қойып жүрмейін дедім. Бір қойдың орташа өмірін есептетуім сондықтан, — деп жауап береді.
Бұл уақытта имам балық та жемеген екен, өйткені біреулердің бір қойды сойып, етін алып, ішек-қарынын өзенге ағызып жібергенін көрген деседі.