Қоғамдық орында намаз оқуға тыйым салынды

0

Астана. 28 желтоқсан. KAZISLAM – Компания қызметкерлері мен жұмысшылардың қоғамдық орындарда намаз оқуына салынған тыйым үндістандық мұсылман қауымының ренішін тудырды. Үндістан полициясы Нью-Делидегі бірненеш компания мен кәсіпорын иелеріне қызметкерлерінің қоғамдық орындарда намаз оқуларына болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Ansar.ru.

TRTWorld ақпарат көзінің мәліметінше, бұл тыйымға жергілікті тұрғындар мен фирма жұмысшылары наразылық білдірген. Себебі осы уақытқа дейін халық көп шоғырланған Үндістанда қоғамдық орындардағы бес уақыт намаз бен жұма намазы үйреншікті жағдай ретінде қалыптасқан еді.

Сонымен қатар Нойда қаласында да полиция кәсіпорын мен ұйым басшыларына жұмысшылар мен қызметкерлердің қоғамдық орындарда намаз оқуына тыйым салынатынын хабарлаған.

Дели университетінің профессоры Апурвананд реніш білдіруші қауымды қолдайтынын жеткізді: «Бұл полиция тарапынан мұсылмандарға қарсы жасалып отыр. Діни қызмет, намаз қай уақыттан бері қоғамға қайшы болған?» дейді профессор.

Қоғамдық парктерде намаз оқуға тыйым салынатыны туралы ескертпе Нойда қаласындағы 23 компанияға жіберілген.








Дереккөз: http://kazislam.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз