Қазақтың «жеті қазына» ұғымына қатысты дін не дейді?

0

Уағалейкумуссəлəм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жеті қазына дегеніміз, қазақтың дәстүрлі дүниетанымында қалыптасқан түсінік. «Жеті байлық» деген сөз. Ол ұғымның əлдебір наным-сенімге қатысы жоқ. Ертедегі тұрмыс-тіршілікке қатысты айтылған дүние. Шариғат негіздеріне қайшы деуге келмейді.

Жеті қазынаға не жатады:

1. Жүйрік ат (жігіттің қанаты). Пайғамбарымыз: «Төрт нәрсе дүние бақытынан» деген. Соның бірі: «Жанға жайлы мініс» екендігін айтып өтеді[1].

2. Қыран бүркіт (қуаты).

3. Құмай тазы (сенімді серігі). Бұрындары қыран бүргіт пен құмай тазыны аң аулауға қолданып, осылайша күнделікті ішім-жемін, қыстық киім-кешегін қамтамасыз етіп отырған. Шариғатта қажет кезде үйретілген азулы итті немесе тырнақты құсты салып, аң аулауға рұқсат етілген. Ол жайында Қасиетті Құранның Ма’ида сүресінде айтылады[2].

4. Берен мылтық (қаһарлы оты).  

5. Қақпан (серті).

6. Ау (әдіс, амалы).

7. Кездік (сұсы).

Бүгінде заманның өзгеруіне байланысты бұлардың біршамасы көбіне салт-дәстүр ретінде қаралғанымен, әлі де қазақтың салт-санасында ержігітте болуы тиіс қажетті құралдар ретінде құндылығын сақтауда. 


Абдусамат Қасым