Қазақстан қауіпсіз елдердің тізімінде 44-орында тұр

0

Астана. 30 қаңтар. KAZISLAM – Global Finance журналы қауіпсіз елдердің рейтингін жасады, — деп хабарлайды  Tengrinews.kz агенттігі.

Рейтингте әскери қақтығыстардың болуы, елдің экономикалық даму және халықтың қауіпсіздік деңгейі, сондай-ақ, табиғи апаттардың болу мүмкіндігі ескерілген. Жарияланған тізімде 128 ел бар.

Рейтингтегі мәліметтерге сәйкес, ең қауіпсіз елдердің тізімінде Исландия (6.16), Швейцария (7.01) және Финляндия (7.04) көш бастады. 10 ең қауіпсіз елдердің тізіміне Португалия (7.07), Австрия (7.08), Норвегия (7.27), Катар (7.28), Сингапур (7.34), Дания (7.41) және Жаңа Зеландия (7.42) кірді. Қазақстан (9.50) бұл тізімде 44-орынға тұрақтады. Қырғызстан (11.43) — 89-орында, Ресей (12.94) -108-орында, Украина (13,91) — 116-орында.








Дереккөз: http://kazislam.kz/