Қазақша жыл қайыруды білесіз бе? / Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ

0

Ай аттары да өзіндік атаулармен аталады. Мысалы:

1-ай – ақпан (үштік айы)

2-ай – бірдің айы

3-ай – көкек

4-ай – мамыр

5-ай – маусым

6-ай – шілде

7-ай – тамыз

8-ай – мизам

9-ай – қазан

10-ай – қараша

11-ай – желтоқсан

12-ай – қаңтар

Осы 12 айды көктем, жаз, күз, қыс деп 4 маусымға бөлген. 

Қазақ халқының жыл аттары да өзгеше аталады. Мысалы, жыл басы, яғни, бірінші жыл – тышқан, екінші жыл – сиыр, үшінші жыл – барыс, төртінші жыл – қоян, бесінші жыл – ұлу, алтыншы жыл – жылан, жетінші жыл – жылқы, сегізінші жыл – қой, тоғызыншы жыл – мешін, оныншы жыл – тауық, он бірінші жыл – ит, он екінші жыл – доңыз деп атап, он үшінші жылы қайта жыл басы тышқаннан басталып, яғни, он үшінші жылды «бір мүшел», 25 жылды «екі мүшел», 37 жылды «үш мүшел» деп, ары қарай қайталап жалғастырып отырады. Мысалы, белгілі біреу 1901 жылы туылған болса, онда оның жылы сиыр болады. Ал тағы біреу 1954 жылы туылған болса, онда оның жылы жылқы болады. 2003 жылы туылған баланың туылған жылы қой болады.

Егер жыл қайыруды білмесеңіз, оның оқасы жоқ, өзіңіздің туылған жылыңызды 12-ге бөліп, шыққан нəтижесіне қарасаңыз, жылыңыздың не екенін оп-оңай біліп аласыз, яғни, өзіңіздің туылған жылыңызды 12-ге бөлгенде, ол қалдықсыз бөлінсе, онда оның нəтижесін «нөл» деп есептейміз де, туылған жылын «мешін» дейміз. Ал бір қалдық қалса – «тауық», екі қалдық қалса – «ит», үш қалдық қалса – «доңыз», төрт қалдық қалса – «тышқан», бес қалдық қалса – «сиыр», алты қал- дық қалса – «барыс», жеті қалдық қалса – «қоян», сегіз қалдық қалса – «ұлу», тоғыз қалдық қалса – «жылан», он қалдық қалса – «жылқы», он бір қалдық қалса – «қой» болады, яғни, төмендегідей: