Қауіпсіз елдер ондығына бір мұсылман елі енді

0

Астана. 30 қаңтар. KAZISLAM – Global Finance журналы 2019 жылдың әлемдегі ең қауіпсіз елдері рейтингін жасады. Рейтингтің алғашқы ондығына бір ғана мұсылман мемлекеті енген.

Әлемнің қауіпсіз елдері тізімінің жетінші орнында Катар мемлекеті тұр. Рейтингтің алғашқы орындарын Еуропа елдері бастайды. Үштікте – Исландия, Швейцария мен Финляндия. Ондық қатарында – Португалия, Австрия, Норвегия, Сингапур, Дания және Жаңа Зеландия.

Айта кету керек, рейтингі құру барысында үш көрсеткіш назарға алынған: соғыс және бейбітшілік, жеке қауіпсіздік және табиғи апат қауіп-қатерлері.

Жапония тізімнің 43 орнына апат қаупінің жоғары болуымен, АҚШ қылмыс көлемінің көптігі және табиғи апаттар себебінен 65 орында. Ресей рейтингтің 108 қатарынан көрінді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/