Пимаға мәсих тартуға бола ма?
Әссәләму’алейкум! Пимаға мәсих тартуға бола ма?
Толығырақ жауап берсеңіздер екен!
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Пиманың кейде қатты резеңкеден немесе қайыстан табаны болады. Бұған масих тартуға рұқсат[1]. Ал, табаны жоқ пимаға масих тарту үшін, он екі мың қадам (4-5 км.) жүруге шыдас беретіндей болуы керек. «Раддуль Мухтәр» атты Ханафи фиқһ кітабында мынадай сөйлем жолы бар: «Жухадан (жүннен тоқылған қалың материал) жасалған мәсі бір фарсах жүруге жарайтындай қалың болса, мәсих тартуға рұқсат»[1].
Абдусамат Қасым