Павлодарда 1300 балаға көмек көрсетілді

0

Астана. 23 қаңтар. KAZISLAM – «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде 2019 жылғы 10 қаңтар — 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

«Егер сіз балалардың әлеуметтік себептермен (киімнің, аяқ киімнің, мектепке керек-жарақтарының болмауы) және панасыз, қараусыз қалуына байланысты келмеу фактілеріне куәгер болсаңыз, Павлодар қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі секторының 32-77-80 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз» — деп мәлімдейді қалалық білім беру бөлімінің мамандары.

Акция басталғаннан бері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 251 оқушы демеушілік қаражат есебінен жалпы сомасы 993,0 мың теңгеге, 1081 оқушы жалпы сомасы 7898,8 мың теңгеге кеңсе тауарлары, киім, аяқ киім түрінде көмек алды. Демеушілер ретінде ата-аналар, педагогтар, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындар қолдау танытты. Мектептерде киім-кешек жинау ұйымдастырылып, қайырымдылық жәрмеңкелері, концерттер, макулатура, қақпақтар жиналып, түскен қаражат мұқтаж балаларға көмек көрсету бойынша жалпы жиынтыққа жіберіледі.








Дереккөз: http://kazislam.kz/