Палестина БҰҰ тұрақты мүшелігін талап етті

0

Астана. 24 қаңтар. KAZISLAM – Палестина АҚШ төндірген қауіп-қатерге қарамастан БҰҰ-дан тұрақты мүше болуды талап ететі. Бұл туралы Палестина басшысының кеңесшісі Махмұд әл-Хаббаш мәлімдеді, деп жазады  РИА Новости.

Еске салсақ, бұған дейін Палестинаның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ға тұрақты мүшелікке өтініш жіберуді жоспарлайтыны туралы хабарлаған еді. Өтініш халықаралық ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне бағытталған.

«Бізге 2011 жылы мүмкіндік бермеді, АҚШ өз ықпалын жасады. Бұл жолы да осындай кедергілер болуы мүмкін, алайда біз бәрібір БҰҰ есігін қағуды тоқтатпаймыз» дейді әл-Хаббаш.

Палестина мемлекетін 2018 жылдың көрсеткіші бойынша БҰҰ-ға мүше 193 елдің 137-і мойындаған. Палестина биыл БҰҰ және оның органдары аясындағы дамушы елдердің ірі мемлекетаралық ұйымы – «77 тобына» (G-77) төрағалық етеді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/