Пайғамбарымыз бен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдиналық яһуди ғалым

0

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сабырлығы мен жұмсақтығы

 

Зайд ибн Суъна Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында өмір сүрген Мәдинадағы  атақты яһуди ғалымы болған. Ол жайлы бұл оқиғаны Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мәртебелі сахабасы Абдулла ибн Сәләм (оларға Алла разы болсын) жеткізген.

 

Абдулла ибн Сәләмнің айтуынша бірде Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдиналық кедей мұсылмандарға көмек беру үшін Зейдтен мерзімін белгілеп, қарыз алады. Келісілген уақытқа екі-үш күн қалған кезде, әлгі Зейд Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келеді, ол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Бәкір, Осман, Омар (оларға Алла разы болсын) және де өзге сахабалармен бірге жаназа намазын оқып жатыр еді. Намаздан соң Зейд Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанына келіп, жағасынан алып былай дейді:

 

«Ей, Мұхаммед! Неге сен қарызыңды өтемейсің? Алланың ант етемін, қарызын өз уақытында төлемеуді ұнатқанынан басқа отбасың жайлы ешнәрсе білмеймін. Сенің руыңның адамдарын жақсы білемін!».

 

Мұны естіген Омар (оған Алла разы болсын) қатты ашуланып, былай дейді:

 

«Ей, Алланың дұшпаны! Сен мен естіген сөздерді Алла елшісіне айттың ба? Сен шынымен де, мен көргендей оның жағасынан алдың ба? Жаным қолында болғанмен ант етемін, егер мен Пайғамбардың жанында болмағанымда қылышпен басыңды шауып тастар едім!».

 

Зейд ибн Суънаға сабырлықпен қарап тұрған Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ей, Омар! Бізге оның керегі жоқ. Маған қарызымнан құтылуға сенің кеңесің керек. Оған сыпайы қарым- қатынас жаса, Омар, онымен бірге барып, қарызымды төле де, оны қорқытқаның үшін үстіне 20 саъа (44 кг. шамасында) құрма қосып бер». 

 

Омар Зейдпен барып, оның қарызын беріп әрі 20 саъа құрма қосып береді. Зейд қарыздың еселенуінің себебін сұраған кезде Омар, Алла елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны қорқытып жібергені үшін беруге бұйырғанын айтты.

 

Ары қарай, қойған сұрақтарын Зейдтің өзі былай баяндайды:

 

— Мені танымадың ба, Омар?



— Жоқ,- дейді ол.



— Мен Зейд бин Суъна.



— Яһуди ғалымы ма?



— Иә, сол.



— Олай болса Алла елшісімен олай сөйлесуге сені не нәрсе мәжбүрледі, неге олай істедің? – деп сұрады Омар.

 

Мен былай деп жауап бердім:

 

— Мен Мұхаммедттің жүзіне қарап, бірден көзге түсе қоймайтын екі сипаттан басқа барлық пайғамбарлық сипаттарды көрдім. Олардың бірі – сабырлық, ал екіншісі –ақылсыздықпен бетпе бет келгенде сабырлықтың арта түсуі. Енді мен осы екі сипатты бүгін анық көрдім. Ей, Омар! Мен Алланы Раббым деп, Исламды дінім деп, Мұхамедті пайғамбарым деп разымын. Куә бол, мен байлығымның жартысын Мұхаммедтің мұқтаж болған үмметіне беремін. 


Осыдан соң Омар мен Зейд Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келеді де, Зейд былай деп жар салды:

 

«Мен Алладан өзге құдай жоқ әрі Мұхаммед Оның елшісі және құлы екендігіне куәлік етемін, және де мен оған иман келтірдім!».

 

Осылайша Зейд Пайғамбар Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), пайғамбарлығына иман келтіріп, ант етіп, оның қолын алады. Кейін Зейд Пайғамбарымызбен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге жорықтарға шығады әрі ол Тәбук жорығында дін үшін шайқаста қаза болады.  

 

Жоғарыда келтірілген тарихи оқиға біздің Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) керемет көркем мінезін көрсетеді. Өзінің «Ихиә улум әд-дин» еңбегінде Әбу Хамид әл- Ғазали Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлесі болсын) керемет қасиеттерін жазып өтеді, соның бірнешеуін төменде келтіреміз:

 

 Ол адамдардың ең сабырлысы, әділі әрі данасы болған;
 Ол адамдар арасындағы ең қарапайымы болған және де ешқашан ешкімнің көзіне тура қарамаған.
 Ол құлдың да, еркін адамның да сөзіне жауап берген, бір кесе сүт болса да сыйлықты қабыл алатын да, сол үшін сый беретін.
 Ол Раббысы үшін ашуланатын, алайда өзі үшін ешқашан ашуланбаған.
 Өзіне және сахабаларына зиян тиер болса да ақиқаттан аумаған. Ол өзінің бір сахабасының денесін яһудилер тұратын жерден тауып алған, алайда ол оларға шариғаттан асып, зұлымдық көрсеткен жоқ.  
 Ол қонаққа баратын, ауруды зиярат ететін және жаназаға қатысатын.
 Ол ең байсалды әрі қарапайым, жылы сөзді, сырт келбеті ең тартымды адам еді.
 Ол асын кедей- кепшікпен бөлісіп, мұқтаждарға бертін; жақсы адамдарды құрметтеп, билік иелерімен жұмсақ қатынаста болып олардың жүректерін жібіткен;
 Ол туыстық қарым- қатынасты үзбеген, ол ешкіммен дөрекі сөйлеспеген.
 Кешірім сұраған адамды кешірген; ол қалжыңдаса да тек шындықты айтатын әрі ол қатты күлместен тек жымиятын.
 Ол уақытын бос өткізбейтін – тек Аллаға құлшылық ету мен өзін дамытуға арнайтын. Кедейді кедейлігі үшін немесе ауруды дерті үшін Алланың, ол басшы мен бастықтардан қорықпаған.

 

Сілтемелер: Жоғарыда келтірілген оқиға Табараниден жеткен, ол жайлы Хайтами оны жеткізушілерінің рауиларының барлығы сенімді деген. Сонымен қатар, өзге ғалымдардан оны Ибн Мәжа, Ибн Хибан мен әл- Хаким жеткізген. Араб тіліндегі нұсқасы «Хайат әс- Сахаба» еңбегінен алынды.