Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті кеңейтіледі

0

Сауд Арабиясының Мәдина қаласында Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті территориясын кеңейту жұмыстары басталды.

 

Мешіт ауласын кеңейту кешеннің батыс тарапынан жүргізіледі.  Қазіргі уақытта Мәдинаның құрылыс жөніндегі басқармасы мешіттің батысында Ас-Салям музейінен өзге ғимараттарды сүріп жатыр.

 

Ғимараттарды сүру жұмыстары 15 күнге жалғасады, осы уақыт аралығында Пайғамбар мешіті сарайының №8-15 қақпалары жабық болады.

 

Мешітті кеңейту жобасына Сук Аль-Манах базар территориясы да кіреді, осыған байланысты ондағы барлық саудагерлерге көшу туралы ескертпе берілген. Мәдина әмірі Файсал бин Салман ханзада саудагерлерге жаңа орын табу туралы уәкілетті орган басшыларына тапсырма жүктеген.

 

Saudi Gazette