Өзбекстанда «халық емшілеріне» кәсіби құқық беріледі

0
116

Астана. 17 қаңтар. KAZISLAM – Өзбекстанда «халық емшілері» кәсіби жұмысшылар мен қызметкерлер тізіміне енеді, деп хабарлайды Islam-today.

Осыған сәйкес республиканың Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің бұйрық нормативтік-құқықтық құжаттар жобалары сайтында жарияланды.

Жаңа бұйрық бойынша енді «емші» мамандығы енді жоғары білім талап етілетін мамандықтар санатына кіреді.

Еске сала кетсек, Өзбекстан билігі 2018 жылдың қазан айында халық медицинасын ресми мойындады. Бұл қызмет «халыққа медициналық көмек көрсетудің қосымша тәсілі» ретінде қолданылады. Бұл мамандыққа кәдуілгі медицина талаптары қойылады. Ал халық емшілері дәрігерлер секілді жауапкершілікте болады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/