…Осының өзі садақа!

0
96

 Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

– Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс, – дегенде, сахабалар:

– Садақаға беретін нәрсесі болмаса не істейді?, – деп сұрады.

– Бейнеттеніп өзін қамтамасыз етеді, кейін мұқтаждарға садақа береді.

– Оған шамасы жетпесе не істейді?

– Мұқтаж және зұлымдыққа ұшыраған адамға қол ұшын берсін.

– Оған да шамасы жетпесе не істейді?

– Жақсылыққа үндейді.

– Ал оған да шамасы жетпесе не істейді?

– Басқаларға зиян етуден сақтанады. Осының өзі садақа, – деді.

(Имам Бухари )