Неге пайғамбарымыз дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекіткен?

0

Уағалейкум ассалам уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Аптаның дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстаудың үкімі – сүннет, яғни Мұхаммед пайғамбар ғалейһиссәләмның істеген іс әрекеті. Айша анамыздың айтуы бойынша пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға аса қатты мән берген[1]. Ал оның себебін Алла елшісінің мына бір хадис шәрифынан түсінуге болады: 

Дүйсенбі мен бейсенбі күндері – істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»[2]

– дей келе, осы екі күннің артықшылығын ерекше атап, ол күндері нәпіл ораза ұстаудың маңызын түсіндіріп өткен. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды қабыл етсін!   

Абдусамат Қасым

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз