Мысырда ең үлкен мешіт пен шіркеу ашылды
Астана. 8 қаңтар. KAZISLAM – Египет астанасы Каирде бір уақытта Таяу Шығыс пен Африкада ең үлкен копттық шіркеуі және әлемде ең үлкен мешіт саналатын Аль-Фаттах аль-Алим мешіті ашылды.
Христиандар мен мұсылмандарға арналған ғибадатханалардың ашылу салтанатына ел президенті Абдель Фаттах ас-Сиси, копттық патриарх Тавадрос II папа және Палестина басшысы Махмұд Аббас қатысты.
Тавадрос II жаңа мешіттің ашылу салтанатында құлшылық үйлерінің салынуы ерекше екенін атап кетті. Кафедралды шіркеудің ашылу рәсімінде әл-Әзһар ислам университетінің жоғарғы мүфтиі Ахмед ат-Тайиб христиандар мен мешіттің салынуы елде толеранттылық пен төзімділіктің орнағанын көрсететінін жеткізді.
Копттық собордың жалпы аумағы 7,5 мың шаршы метр және 8,2 мың адамға арналған. Шіркеу ғимараты күмбіз пішіндес және артқы жағында 60 метр биіктікте екі қоңырауы орналасқан мұнаралары бар.
Аль-Фаттах аль-Алим мешітінде 17 мың адам намаз оқи алады. Мешіттің жалпы территориясы 6,3 мың шаршы метр. Ғимаратта бес күмбезі және әрбірінің биіктігі 90 метр төрт ақ мұнарасы бар.
Дереккөз: http://kazislam.kz/