Мұсылманша мал союға тыйым салынды

0

Астана. 8 қаңтар. KAZISLAM – Мұсылмандар мен иудейлер діндерінің қағидалары бойынша мал союға тыйым салу туралы заң Бельгияда қабылданды. Елдегі жануар қорғаушы ұйымдар ұзақ уақыттан бері осы заңның қабылдануына күш салып келген.

Мұсылманшылықта мал сою рәсімінде мойын тамырын кесу арқылы сою жануарға деген гумандық қатынас және ауырлық түсірілмейді деп есептеледі. Жануар қорғаушы ұйымдар мұнымен келіспей малды есеңгіретіп барып сою керек дегенді айтады. Ал ислам мен иудаизмде бұл әрекетке тыйым салынады.

Бельгияда 500 мыңға жуық мұсылман және 30 мың иудей тұрады. Екі конфессия өкілдері жоғарыдағы заң жобасына қанша қарсылық танытқанымен нәтиже болмады. «Біз діни еркіндікке қарсы шабуылға кезігіп отырмыз. Еуропалық Астана өзінің заңдарымен діни азшылық қауымға жеткіліксіз төзімділік деңгейін көрсетіп отыр» дейді Еуропаның бас раввині Пинхас Гольдшмидт.








Дереккөз: http://kazislam.kz/