Мұсылмандарды елемей, Еуропаның болашағы жайлы сөз қозғау мүмкін емес

0

Астана. 4 қаңтар. KAZISLAM – Германияның Көлн қаласында Дін істері Түрік Ислам қауымдастығының ғимаратында 2-ші Еуропа мұсылмандары құрылтайы өтті. Бұл жайлы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады.

Құрылтайға қатысқан Түркия дін істері басқармасының төрағасы профессор, доктор Әли Ербаш мұсылмандарды елемей, Еуропаның болашағы жайлы сөз қозғау мүмкін емес екенін тілге тиек етті. «Дәл сол секілді Еуропадағы мұсылмандардың болашағы да Ислам әлемінен тәуелсіз бола алмайды. Негізінде бір қоғамда өмір сүру, жарқын болашақ, теңдік және әділеттілік секілді жағдайлар жер бетінде өмір сүрген әркімді алаңдататын негізгі мәселелер. Исламофобияның Ислам дұшпандығына айналып, іс-әрекетке көше бастағанын көріп, бастан кешіп жатырмыз. Соңғы жылдарда Еуропада күннен күнге артып келе жатқан нәсілшілдік әрекеттер, Исламға қарсы сөздер мен іс-әрекеттер Еуропаның көпмәдениеттілігіне, ауызбіршілікте өмір сүру құқығына, бейбітшілік пен тыныштыққа қауіп төндіруде», – деді Әли Ербаш.

Сондай-ақ, ол әсіресе барған сайын мұсылмандардың алаңдатушылығын тудырып жатқан нәсілшілдік, әлеуметтік шеттетушілік, алалау, шетелдіктерге дұшпандық, мешіттерге шабуыл секілді бөлінушілікке бастайтын сөздер мен іс-әрекеттер адам өмірін, арын, намысын аяқасты етіп, бостандық шеңберін таралтуда,          әлеуметтік және мәдени мекемелерді дәрменсіз халге келтіріп, адамгершілік және ар-ождан құндылықтарын аяққа таптап жатқанын сөз етті. «Құқық пен бостандықты аяқасты еткен барлық әрекеттер, мұндай әрекеттердің артында кімдер тұрса да, мақсаттары не болса да, әсіресе наным-сенім бостандығына қол сұғатын барлық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болу барлық мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың  және қоғамдастықтардың кешіктірілместен қолға алуы тиіс міндеті. Ислам әлемнің барлық жерінде адами құндылықтарды қорғаған және соны ту еткен бейбітшілік діні. Сондықтан да Исламды Еуропа Исламы, Франция Исламы, байсалды Ислам секілді географиялық немесе мәдени сипаттарымен атаудың қажеті жоқ әрі бос әуре. Оның орнына Исламды дұрыс таныту үшін және Исламның өміріңді жарқын жаққа өзгерту үшін күш сарп ету қажет, әрі бұған қолдау көрсету ең дұрыс әрекет», – дейді Әли Ербаш.








Дереккөз: http://kazislam.kz/