Мұсылмандар үйсіздерге сөмке таратты


Астана. 21 желтоқсан. KAZISLAM – Англияның Престон қаласындағы үйсіз жандарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Престон мешітінің жамағаты мен кәсіпкерлер бірігіп қаржы жинап, үйсіздерге ең бірінші қажетті заттарды алды.
Осылайша 100-ден аса сөмке мұқтаждарға таратылған. Әр сөмкеде жылы киімдер, азық-түліктер мен гигиеналық заттар салынған, деп жазады Lancashire Evening Post.
«Көптеген адамдар көшеде ұйықтайды, ал ауа-райы салқындап барады. Бұл адамдардың жағдайы қиындай түсті. Сөмкелер тарату – біздің алғашқы кампания, осы шара туралы әлеуметтік желілерде мәліметтер жарияладық. Бастамамыз қоғамның қолдауына ие болды. Тіптен Йоркшир мен Лондоннан де қайырымдылыққа үлес қосқандар бар» дейді акцияны ұйымдастырушы Шеназ.
Дереккөз: http://kazislam.kz/