Мұсылман шіркеуді қалпына келтіреді
Астана. 25 желтоқсан. KAZISLAM – «Комсомольская правда» газетінде Ресейдің Липецк облысында православ шіркеуін жөндеуге туралы шешім қабылдаған мұсылман туралы қызықты жайтты жариялады.
Қоғам назарын аудартқан мәскеулік Ирфан Нуркаев есімді азамат. Ол өзінің діни ұстанымына қарамастан, Лебедянск ауданы Грязновка ауылында ондаған жылдардан бері шіркеуді жөндеумен әуре болған тұрғындарға көмектесуге бел байлаған.
«Түсінесіздер ме, бұл өте сирек кездесетін шіркеу. Көне шіркеу біздің ауылдың түкпірінде орналасқан, біз оны қайта қалпына келтіруге міндеттіміз. 1979 жылы мен Ташкентте госпиталда жаттым, бізге жақын жерде правлослав шіркеуі болды. Онда керемет қоңырау үні шығатын, көңілге жағымды. Мен ол дыбысты өмір бойы есте сақтадым. Енді біздің ауылда да осы қоңыр үн шығып тұрсаекен. Біз осы елдің дәстүрін қолдауымыз керек. Әзірге күш-қуатым, денсаулығым бар кезде мен көмектесемін» дейді ол.
Айта кету керек, көне шіркеудің ерекшелігі оның 13 күмбезді болуында, Мұндай шіркеу Ресейде тек екеу: Бірі – Мәскеуде, екінші Липецк облысы Лебедянск ауданында. Тарихи шіркеу туралы деректер, қашан соғылғаны жоқ, архив құжаттары өртеніп кеткен. Кейбір деректер бойынша мұндай шіркеулер XVIII ғасырда салына бастаған.
Дереккөз: http://kazislam.kz/