Мұсылман мен атеист


Күндердің күнінде бір атеист мұсылманнан сұрапты:
— Неге Құдай өте қатігез және мұсылмандарда проблема өте көп?
Мұсылман:
— Сенде тіс дәрігері бар ма?
— Әрине бар.
— Сенің оған көзқарасың қалай?
— Жақсы, мен оған ризамын.
— Не үшін?
— Себебі, ол менің тісім ауырғанда емдейді.
— Ол емдегенде тісіңді ауыртады емес пе? Сонда да сен оған ризасың. Демек, ол да – қатігез.
— Ауырса өзім үшін ғой. Тісімді емдеу үшін.
— Мінекей, сен алғашқы сұрағыңа өзің жауап бердің,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы