МҰСЫЛМАН ҒАЛЫМДАРЫ АШҚАН ЕҢ ІРІ 10 ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ
Ислам тарихы елеулі өнер, сәулет, әдебиет туындыларымен қоса, әлемді өзгерткен ғылым жаңа-лықтарына да бай. Бұл мақаламызда ең әйгілі 10 мұсылмандық жаңалықты назарларыңызға ұсынбақпыз.
1. Хирургия
Доктор әл-Захрауи мың жылдай уақыт бұрын хирургия туралы еңбек жазып, ол еңбек 500 жыл бойына Еуропаның түкпір-түкпірінде пайда-ланылды. Сондай-ақ, хирургиялық қысқыштардың жасалуы мен мысықтың ішегінің ота орнын тігуге арналған жақсы материал болатындығы туралы жаңалық осы ғалымға тиесілі.
2. Кофе
Алғашқы кофе ХІ ғасырда Йеменде дайындалды. Ол кезде кофе сопыларға түнгі құлшылықта сергек болуға көмектесетін. Кейін сусын көршілес аймақтарға тарап, ХҮІ ғасырда Еуропаны да жаулады.
3. Ұшатын аппарат
Леонардо да Винчидің адам баласы-ның көкке ұшуы туралы армандауынан бірнеше ғасыр бұрын Аббас ибн Фирнас ұшатын аппарат жасауға бірнеше мәрте талпыныс жасайды. Ол қысқа ғана уақыт көкте қалықтай алатын алғашқы ұшу аппаратын ІХ ғасырда жасап шығарды.
4. Университет (ЖОО)
Әлемдегі ең алғашқы университет 859 жылы Марокконың Фас қаласында ашылды. Осыдан 1200 жылдай бұрын жас ханшайым Фатима әл-Фархи ашқан бұл оқу орны әлі күнге дейін жұмыс жасап тұр.
5. Алгерба
Алгебраны ең алғаш парсы математигі әл-Хорезми ойлап шығарды. 800-жылдары оның жазған трактатында алгебралық теңдіктің жаңа түсінігі айтылады.
6. Оптика
1000 жылы Ибн әл-Хайсамның ашқан жаңалығына дейін адамдар көз сәуле шығарады, сол арқылы біз көреміз деп сенетін. Ал Хайсам болса, керісінше, көз басқа заттардан шағылысып шыға-тын нұрды қабылдайтынын дәлелдеп шығарды.
7. Музыка
Орта шығыс мұсылмандары музыканың дамуына өз үлестерін қосты. Скрипканың пайда болуына түрткі болған «Лютня» атты музыкалық аспапты мұсылман музыканттары Еуропаға алып келген екен. Сондай-ақ, қазіргі күнге дейін қолданылып жүрген нота шкаласы араб әліпбиі негізінде пайда болды.
8. Тіс щеткасы
Шамамен 600 жылы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тісті тазалау үшін таяқшаны (мисуак) пайдаланған. Осы таяқша алынатын ағаштың сергітетін де қасиеті бар.
9. Иінтірек (рычаг)
Тарихта тұңғыш рет айналма қозғалысты линиялық қозғалысқа айналдыру ХІІ ғасырда Орта шығыста жүзеге асты. Сол кезден бері бұл әдіс бүкіл әлемде ауыр нәрселерді көтеру, көлікті жүргізу және велосипедті конструкциялау кезінде қолданылып келеді.
10. Аурухана
Қазіргі күнгі ауруханалардың ең алғашқы нұсқалары ІХ ғасырдың соңында мұсылман әлемінде пайда болды. Ол кезде ауруханалар оқу бөлмесінен және ауру-сырқаулар жата-тын палаталардан тұратын.
Дайындаған
Ескендір Тасболат