Мұсылман елдері әлемдегі ең дені сау елдер тобында
Астана. 4 желтоқсан. KAZISLAM – Мұсылман елдері әлемде халқының денсаулығы бойынша ең сау елдер ондығына енді.
Ең жақсы көрсеткіштерді көрсеткен Катар мен Біріккен араб әмірліктері бесінші және оныншы орындарға шықты. Бірінші орынды Сингапур алды. Сонымен қатар ондыққа Жапония, Швейцария, Австрия, Швеция, Норвегия мен Гонконг енді.
Ал рейтингтің ең нашар көрсеткіштері Африка елдеріне тиесілі. Ресей елі рейтингтің 90-орнында тұр.