Мұхаммед Салах – ең қымбат 5 ойыншының бірі

0

Астана. 9 желтоқсан. KAZISLAM – CIES Football Observatory әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. 2018 жылды табысты аяқтаған «ПСЖ» футбол клубы сапындағы 20 жастағы француз футболшысы Килиан Мбаппе 218,5 млн еуромен көш бастап тұр.

Одан кейінгі орындарда «Тоттенхэм» клубының ойыншысы Гарри Кейн (200,3 млн) мен Мбаппенің командаласы Неймар (197,1 млн) тұрса, төртінші орынға «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Рахим Стерлинг жайғасты. Ал, күллі мұсылман үмметінің ғана емес, барлық футбол жанкүйерлерінің көзайымына айналған «Ливерпуль» шабуылшысы Мұхаммед Салах (184,3 млн) үздік бестікті қорытындыласа, одан кейінгі 5 ойыншының тізімі мынадай:

  1. Пауло Дибала («Ювентус», Аргентина) – 171,9 млн
  2. Лионель Месси (171,2 млн)
  3. Ромелу Лукаку («Манчестер Юнайтед», Бельгия) – 162 млн;
  4. Филиппе Коутиньо («Барселона», Бразилия) – 157 млн;
  5. Лерой Сане («Манчестер Сити», Германия) – 156,1 млн.

Ең қымбат 10 ойыншының қатарынан көрінбеген әйгілі Криштиану Роналду 19-орынға бір-ақ сырғыды. «Ювентус» шабуылшысының қазіргі «бағасы» – 127,2 млн еуро.








Дереккөз: http://kazislam.kz/