Мен есі ауысқан кісі емеспін, мен мұсылманмын
Мұхаммед есімді румыниялық ағайындылар белгілі бір мұсылман мемлекеттік арнада қонақ ретінде «Мен исламды қалай қабылдадым?» атты бағдарламасына қатысты.
«1992 жылдар болатын, — деп бастады әңгімесн Мұхаммед, — біз Босния жерінде жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін көру мақсатында ел аралап жүрген болатынбыз. Біз әйеліміз екеуміз ел ішін жаяу аралауға бел будық. Осылайша Түркия жеріне жеттік, бір күні біз қаладан алыс жердегі ауылға тап болдық. Біз ауылдан түнеп шығуға жарайтын орын іздедік, жергілікті адамдардан осы туралы ақпрат беруін өтіндік. Жолыққа адамымыз бұл ауылда түнеп шығуға лайықты ешқандай да қонақүйдің жоқ екенін айтты. Біз де болар-болмас білетін түрікшемізді айтып жатырмыз, ол кісі де білетін ағылшыншасын айтып бізді өз үйіне шақырды. Бойы биік, сақалы ұзын, денелі ер адамнын қорықсақ та, оның соңынан еріп жүруден басқа амалымыз болмады.
Біз әлгі түріктің үйіне барып, үй-ішін көргеннен кейін жүрегіміз орнықты. Жасы 80-ге жуықтаған анасы, әйелі және жас шамалары тетелес 5 баласы бар екен. Түрік отбасындағылар қонақтарға дәмді әрі қарапайым кешкі ас әзірлеп берді. Сосын оларға ұйықтайтын бөлмелерін көрсетіп, өздерінің басқа жақта ұйықтайтынын айтты.
Екінші күні таң ата Мұхаммед пен оның әйелі жолға шығуға ниеттеніп есіктен шыққанда, өз көздеріне өздері сенбей, таң тамаша қалады. Түрік отбасында ұйықтауға арналған тек қонақтар жатқан бөлме ғана бар екен. Ал, үй иелері кәрі анасы, әйел бала-шағасы, отағасы бәрі есік алдындағы ағаштың астына ұйықтаған екен. Ол жаз күні болса жақсы-ақ, саяхатшы отбасының бұл ауылдағы сапары қараша айының соңғы күндеріне тура келген екен. Ауа-райы қатты суық болыпты.
Таң қалған Мұхаммед отағасыдан: «Сендердің естерің дұрыс па?» («Are you crazy?!») деп сұрады.
Әбігерге түскен түрік отағасы, оларды сендер кімсіңдер деп сұрап тұр екен деп ойлап, өздері аздап білетін ағылшыншамен: «Жоқ, біз мұсылманбыз!»(« No, I’m Muslim.») деп жауап беріпті.
Бұл жауап Мұхаммедтер отбасының төбесіне жай түскендей әсер еткен.
Сол уақыттан бастап олар исламды зерттеумен айналысыпты, ал осы уақытқа дейін олар ислам туралы тек нашар және бұрмаланған әсерде болып келген екен. Құранды да зерттей бастаған саяхатшылар кейін Сирия, Иордания және Мысыр елдерін аралап шығыпты.
Тележүргізуші саяхатшы Мұхаммедтен оның қашан мұсылман болғанын сұрағанда, ол: «әлгі біз түнеп шыққан түрік отбасының отағассы біз мұсылманбыз деген сәттен бастап мен мұсылман болдым» деп жауап берді.
Ақыр соңында олар түрік отбасынан кетіп екі ай саяхатын жалғастырып, Мысыр еліне барғанда кәлима-шахадат айтып ресми түрде исламды қабылдапты.