Мәуліт берекелі болсын!

0

Мәуліт туылған яғни Пайғамбарымыздың дүние есігін ашқан күн дегенге саяды. Ол дегеніміз қамари (ай) есебі бойынша рабиғул-әууәл айының 12-сі Дүйсенбі күні. Ол біздің милади яғни күн есебі бойынша 571 жылы Сәуір айының 20-на дөп келеді. Кей елдер тек осы аталмыш күнді ғана даталы деп есептесе кейбірі сәуірдің 20-нан келесі айдың 20-на дейін бір айды мереклі етіп белгілейді. Ақиық елшінің туған жері Мекке қаласы.

 Қазақ жерінде тойлануы қазіргідей мерекелік шараға бұрын соңды ұласпаған болатын. Әр отбасы өз ошаққасында «Мәуліт» — атты арабша қасиданы немесе қазақшы жырды оқып отырған. Ал қазақша мәулітке жыр арнаған білуімізше Алтайдың ақиық ақыны Ақыт қажы Үлімжіұлы. Қазіргі күнде Абдулла Жолдас қажы екенін ату керекпіз.

Дана елшінің туған күні өмірінде, одан кейінгі алтын ғасырда еш тойланбағаны ақиқат. Мақсат тойлау емес Дара елшіні жақыннан таныту екендігін ешбір мұсылман есінен шығармайды да. Оны келте түсінген кейбір түсінігі таяз, дінін сақал балақпен өлшейтіндер мәселенің байыбына бара алмай байбалам салуда. Мақсат тани түсу, жақындай білу. Басқаға жеткізіп танытуға себепкер болу ғана. Ислам мерекесі екі айт екенін ешкім екі айтқызбайды да.

Данышпан елші Туған күнін оразалы өткізген Арда елші (с.ғ.с) қандай тылсым шерткісі келді екен.

Ораза нәпсіге ие болу.

Ораза аштардың халін түсіну.

Ораза осы дүние нығметтерінің өткінші бір пайдасы болғанын сезіну.

Ораза жамандық атаулыға бір қалқан болмақ.

Мекке фатх болғанда қасуа атты түйесінің өркешіне маңдайы жақындап сәжделі күйде қалаға енген елші, шүкірлік пен тәубе, кешірім тілеушінің ең шыңы ретінде үлгі бола білді.

Ауданымызда барлық мекеме түгел ел болып Желтоқсан айының 12-сі күні сағат 11:00-де  Мәдениет үйінде аталып өтпек.

 

«Мұса мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы